Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Түркістан облысының діни ахуал бойынша АҚПАРАТ

-A A +A

Түркістан облысының діни ахуал бойынша

АҚПАРАТ (1.11.2018 ж.)

 

Діни бірлестіктер  мен филиалдар саны

          Облыс көлемінде 6 діни конфессияға енетін  30 жергілікті діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде бағыттары бойынша: православиелік – 12; протестанттық – 18, атап айтқанда: христиан-баптистер-7; пресвитериандар-4; елуіншіле-4; Ехоба куәгерлері -3.

          Сонымен қатар 721 филиалдар жұмыс жасауда. Оның ішінде: исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) филиалдары – мешіттер саны – 719, исламдық емес бағыттағы филиалдар – 2.

          Миссионерлік қызмет туралы

          Облыста  заңды  түрде  тіркелген  3  миссионерлер  жұмыс атқаруда. Олар: христиандық-протестанттық бағытында – 1; исламдық – 2.

Ақпараттық-түсіндіру  топтардың (АТТ) қызметі туралы

Қазіргі кезде Түркістан облысында 1 облыстық, 14  қалалық, аудандық  ақпараттық-түсіндіру топтар (АТТ) жұмыс жасауда.

Жалпы, барлық деңгейдегі АТТ құрамдарына 240 адам енгізілген. Оның ішінде: облыстық АТТ құрамына - 34, қалалық, аудандық АТТ-р құрамына  - 206.

         2018  жылы  жалпы АТТ тарапынан өткізілген кездесулердің саны 2891 болса, олар бойынша қамтылғандардың адамдардың саны 219 мыңнан астам адамды құрап отыр. Облыстық АТТ тарапынан 991  кездесулер өткізіліп, оларға 63 мыңнан  аса адам  қамтылды. Ал, қалалық, аудандық  АТТ тарапынан 1900 кездесулер өткізіліп,             156 мыңнан аса адам қамтылды.

        Бұлардан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес 2018 жылы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 674 кездесулер өткізіліп, 107936 жастар қамтылды.

       Түзеу мекемелеріндегі жұмыстар

        2018 жыл басынан түзету мекемелеріндегі деструктивті діни ағымдар мүшелерімен дінтанушы, теологтар тарапынан 295 жеке кездесу және 139 жалпы кездесулер өткізілді.

        Нәтижесінде, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан басқа азаматтарды өз қатарына тарту, қандай да болмасын экстремистік іс-әрекеттер жасау фактілері орын алған жоқ.

        Сыртқы ақпараттар (билбордтар), әлеуметтік зерттеулер, әдістемелік құралдар мен кітапшалар,  фильмдер мен  бейнероликтер  туралы

Облыс жұртшылығын діни экстремизм мен терроризм көріністері жөнінде кеңінен ақпараттандыру мақсатында басқармамен мемлекеттік тапсырыс  аясында 2018 жылы алаңдарда, көшелерде 16 билборд ілінді. 

2018 жыл басынан 4 тақырыпта және мемлекеттік тапсырыс аясында  6 тақырыпта екі реттен әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, 24600 респондеттер қамтылды.

Сонымен қатар, 6 фильм, 23 бейнеролик, 1 мультфильм шығарылып, жергілікті телеарналардан көрсетілімі  ұйымдастырылуда.

БАҚ-ғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 

Облыстық, қалалық, аудандық телеарналарда дін саласына арналған арнайы       7 телебағдарламалар жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері облыстағы            6 телеарналарда 280  көрсетілімдер жарыққа шықты, «FM 89,6 Сарыағаш» радиосында  40  хабарлар  шығарылды.

        Сонымен қатар, 2018 жылдың  басынан дін саласына қатысты 1352 материалдар жарық көрді. 

Интернет-ресурстармен жұмыстар

        Діни экстремизм, терроризм көріністерін тарататын діни сайттарға қарсы тұру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің  www.centrе-uko.kz интернет сайтына діни ахуалды тұрақтандыру бағытында жыл басынан 280 іс-шара, 55 дін және заң, 55 дін және қоғам, 55 зайырлы мемлекет бағыттарында  мақалалар, 20 кітап,         30 бейнероликтер  енгізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің насихаттау фактілерін анықтау мақсатында интернет-сайттарда мониторинг жүргізуліде.

«YouTube» видеопорталында, Вконтакте, Одноклассники әлеуметтік желілерінде анықталған бейнематериалдар саны-967.

Оның ішінде:

  • неосәләфиттік көзқарастағы бейнематериалдар саны -457;
  • экстремистік , террористік бағыттағы діни бейнероликтер саны -510.

2018 жылы әлеуметтік желілердегі исламдық қауымдастықтардың жалпы саны -705.

Бұл анықталған материалдар ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен облыстық прокуратураға ай сайын  жолдануда.

Дін саласына бөлінген қаржы туралы

        2018 жылға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен    194 054,0 мың теңге қаржы бөлінді.

         Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша облыстық бюджеттен Сарыағаш, Мақтарал, Созақ, Сайрам аудандарына және  Түркістан қаласына 5000,0 мың теңге қаржы бөлінді.

 

 

Жарияланған: 14.10.2018 - 12:37:15
Жаңартылған: 25.10.2018 - 15:21:16
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі