ОҚО баламалы энергия көздері саласындағы жобалар бойынша
Мәлімет
Оңтүстік Қазақстан облысында баламалы энергия көздері саласында жалпы қуатттылығы 760,8 МВт құрайтын 28 жоба іске асырылуда. Олар:
- гидроэнергетика саласында жалпы қуаттылығы 24,8 МВт құрайтын 9 жоба (мерзімі 2014-2019ж.);
-жел энергетикасы саласында жалпы қуаттылығы 360 МВт құрайтын 5 жоба (орындалу мерзімдері 2014-2017 ж);
- күн энергетикасы саласында жалпы қуаттылығы 376 МВт құрайтын 14 жоба. (орындалу мерзімдері 2014-2016 жылдар.
2014 жылы гидроэнергетика саласында 1 жоба ("Келесгидрострой" ЖШС) және күн энергетика саласында 2 жоба ("Ақсу-энерго" ЖШС, Сайрам ауданында және Шымкент қаласында) іске қосылды.
Жарияланған: 28.09.2015 - 11:05:21
Жаңартылған: 12.12.2016 - 15:23:47