Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

-A A +A

Облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың

2018 жылы атқарған

жұмыстары туралы есебі

 

2018 жылдың қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы келесідей болып қалыптасты.

1. ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 1 103,9 млрд.теңге* сомасында қалыптасты. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +3,9%-ды құрады (* 2018 ж. қаңтар-қыркүйегі).

2. ӨНЕРКӘСІП

Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етті.

2018 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 453,8 млрд. теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда өнім көлемі                   43,1 млрд. теңгеге көбейген (2017 жылы – 410,7 млрд. тг.).

Өнеркәсіп саласында үлесі 52,7% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 236,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  13,7 млрд. теңгеге артты (2017 жылы – 223,2 млрд. тг.).

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі бірқатар өндірісте артып отыр, оның ішінде:

- тамақ өнімдерін өндіру +3,6%-ға,

- жеңіл өнеркәсібі +6,3%-ға;

- химия өнеркәсібі +7,0%-ға;

- фармацевтикалық өнімдерді өндіру +4,0%-ға;

- өзге металл емес дайын металл бұйымдарын өндіру +0,5%-ға;

- машина жасау +0,6%-ға өскен.

Индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы инвестициялық құны 18,2 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 800-ден аса жұмыс орны құрылды.

 

Аудан/қала

атауы

Жоба атауы

Сала

1

Түркістан қаласы

«Golden Camel Group LTD» ЖШС

түйе мен бие сүтін өңдейтін кәсіпорын жобасы 

2

Арыс қаласы

«Минеральная вода Арыс» ЖШС

Бөтелкеленген минералды су және басқада алкогольсіз сусындар өндірісі

3

Қазығұрт

«Асыл-бастау.kz» ЖШС

Майсыздандырылған сүт өндіру

4

Ордабасы

ӘКК «Асыл-тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері»

Сүт-тауар фермасы базасында ешкі сүтін қайта өңдеу зауыты

5

Ордабасы

 «Green technology industries» ЖШС

ПЭТ қалдықтарын өңдеу және шпательді талшықтар өндірісін ұйымдастыру жобасы

6

Ордабасы

«Бадам өнімдері» ЖШС

күйдірілген кірпіш өндіру

7

Сайрам

«Бирлик-4» ЖШС

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін цехы

8

Сарыағаш

«ТМстрой21» ЖШС

Шөп байлайтын жіп өндіру

9

Төлеби

«Балмұздақ» ЖШС

Шоколадты глазурь және шоколадты конфет өндірісі жобасы

10

Шардара

«Байтерек ББМ» ЖШС

Балық өңдеу зауыты

 

 

Түркістан қаласында аумағын 1 338 гектарды  құрайтын «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды (188 га – тарихи орталық, 750 га – әкімшілік-іскерлік орталық, 400 га – өнеркәсіптік аймақ).  Аталған аймақ өңіріміздің инвестициялық климатын жақсартуға, жаңа өндіріс орындарының ашылып, өңір экономикасының өсу нүктесінің қалыптасуына жағдай жасайтын болады.

3. КӘСІПКЕРЛІК

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 130 804 бірлікті құрады. Республика бойынша үлесі 10,5%. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орында.

Өткен жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 316,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы жобаларды 7% мөлшерінде несиелендіруде, сонымен бірге орталық 8%-дық лизинг негізінде жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жабдық пен техниканы береді.

2018 жылы орталықпен 4,7 млрд. теңгені құрайтын 1 193 жоба (мал шаруашылығы, қарқынды өсу бақтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, көктемгі егін егу жұмыстары, кіші құс фермаларын ұйымдастыру бағытында) қаржыландырылып, 1 403 жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 987,9 млн. теңгеге 41 жоба, «Ырыс» микрокредиттік ұйымымен 3,7 млрд. теңгеге 1 152 жоба қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бері кәсіпкерлерді қолдауға бюджеттен жалпы 43,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 531 жобаға қолдау көрсетіліп, 6 000 астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2018 жылы 4,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, 456 жобаға қолдау көрсетілді.

4. ИНВЕСТИЦИЯ

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 288,1 млрд. теңгені құрап (жоспар 210 млрд.теңге), 2017 жылмен салыстырғанда өсім 101,2% болды.

Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестициялар көлемі 20 млрд. теңге (жоспар 10 млрд.теңге), немесе 21,2%-ға өскен. 

Облыстың инвестициялық әлеуетін ұлғайту мақсатында «TURKISTAN INVEST» компаниясы құрылды. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға қызметтің толық спектрін ұсынады.

Өткен жылы 70-ке жуық шетелдік әлеуетті инвесторлармен, атап айтқанда; Түркия, КХР, Үндістан, Непал, Франция, Оңтүстік Корея, Болгария, Нидерланды және жергілікті бизнесмендермен кездесулер өткізілді.

Қазіргі уақытта «TURKISTAN INVEST» 1 147 млн. АҚШ долларын құрайтын, 14 000 астам жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, 24 ірі инвестициялық жобаны сүйемелдеуде.

«TURKISTAN INVEST»-пен облыстың басым инвестициялық бағыттарын анықтап, маркетингтік талдау жүргізілді және 20 тауашалық жоба бойынша тизерлер жасалды (агроөнеркәсіптік кешен, туризм, энергетика және т.б. салалар).

Осы жобаларды ілгерлету үшін ірі шетелдік инвесторлардың тізбесі қалыптастырылып, инвесторларды өңірге тарту жұмыстары басталды.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Түркістан қаласында алғашқы рет  «Көне Түркістан - жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форум өтті. Форумға Еуропа, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан елдерінен 250-ден астам делегаттар мен өкілдер қатысты.

Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 19 меморандумдарға қол қойылды.

Бұдан басқа, әлеуетті инвесторлар үшін 7 тілде (ағылшын, француз, қытай, түрік, араб, орыс, қазақ) investinturkistan.org инвестициялық портал құрылды. Бұл портал арқылы инвесторлар өңіріміз бойынша қажетті ақпаратты алуына мүмкіндік туды.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде өткен жылы жеке инвестиция көлемі 166 млрд.теңгеге жетіп, өсім 114,2% құрады.

5. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

2018 жылғы 1 желтоқсанына екінші деңгейлі банктермен (20) 443,0 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға артса, оның ішінде, ипотекалық несиелендіруге 16,5 млрд. теңге несие беріліп, немесе 34,1%-ға жоғарылады.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 57,1 млрд.теңгені құрап, 30%-ға өскен.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 57,3%, ауыл шаруашылығы – 0,7%,  өнеркәсіп – 25%, сауда – 12,9%, құрылыс саласына – 3,4% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі                   307,4 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңінен              7,5%-ға артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (71,6%) ұлттық валютада.  

6. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 542,8 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 60,4 млрд. теңгеге артты. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 2 орында.

Нақты көлем индексі 2017 жылдың деңгейіне 105,3% құрап, жоспар артығымен орындалды.

2018 жылдың 9 айында салада 178,2 мың адам жұмыс жасап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 1 140 мың теңгені немесе өсім  103,4% құрады.

Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 180,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға немесе 20,2 млн. АҚШ долларға артық.

Салаға 43,8 млрд. теңге инвестициялар тартылып, өсім 111,4% құрады. Республика бойынша тартылған инвестиция көлемі бойынша облыс 4 орында.

Өсімдік шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2018 жылы 15,1 мың га артып, жалпы 813,5 мың га (2017 жылы – 798,4 мың га) орналастырылды.

Егістікті әртараптандыру бойынша:

- масақты дәнді дақылдар егіс көлемі өткен жылдан 22,8 мың га артып, 227,4 мың га (2017 жылы – 204,7 мың га);

- дәндік жүгері 6,6 мың га артып, 43,9 мың га (2017 жылы – 37,3 мың га);

- көкөніс, картоп, бақша дақылдары 7,5 мың га артып, 114 мың га (2017 жылы – 106,3 мың га) орналастырылды;

2018 жылы ауа-райының қуаңшылығына қарамастан, масақты дәнді дақылдардың әр гектарының өнімділігі 17,8 центнерді құрап, 405 мың тонна өнім жиналды.

Жүгеріден әр гектардан 48,5 центнерден 213 мың тонна өнім жиналып, 2017 жылмен салыстырғанда 47 мың тоннаға артты. Республикадағы үлесі 24%-ға жетті.

Мақта дақылының әр гектардан түсімділігі 25,7 центнерден, барлығы 340,7 мың тонна мақта жиналды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,2 мың тоннаға көп.

Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,9 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді (республикадағы үлесі – 43%). Оның ішінде, 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді.

Қарқынды баулардың көлемі 2 800 га жеткізіліп, жеміс-жидектен 118 мың тонна, жүзімнен 73 мың тонна өнім алынды. Республикада өндірілген жемістің 40%,  жүзімнің 73% Түркістан облысының үлесінде.

2018 жылы жаңадан 7 174 га тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 65 017 га (2017 жылы 57,8 мың га) жетті. Республикадағы үлесі 73%-ды құрады.

Осы әдісті ендіру нәтижесінде ағын суды тұтыну 3-4 есе үнемделсе, өнімділік көкөністен 3 есе, жеміс-жүзімнен 1,5 есе, мақтадан 2,5 есеге артты.

Жылыжай кешені 181,3 га салынып, 1 344 га  жетті (2017 жылы 1162 га). Республикадағы үлесі 77%.

Соңғы екі жылда 52 су шаруашылығы нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 45,5 мың га жердің ағын сумен қамтамасыз етілуі және мелиоративтік жағдайы жақсарды, 1 000 га суармалы жер жаңадан іске қосылды.

Мал шаруашылығы

Барлық шаруашылықтарда 2018 жылы мал басының өсімі орын алды, оның ішінде:

- ірі қара мал +9%, 994,2 мың басты құрады;

- қой-ешкі +3%, 4,1 млн. бас;

- жылқы +8%, 320,5 мың бас;

- түйе 8%п, 28,0 мың бас;

- құс +9%, 2 млн. бас.

Нәтижесінде, ет өндіру +5%-ға артып, 222 мың тонна өндірілді, сүт өндіру – тиісінше, +3% немесе 699 мың тонна, жұмыртқа – +8%, немесе 188,1 млн. данаға жетті.

Ірі қара мал, қой-ешкі, жылқы басының өсімдері және ет, сүт өндіру бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда.

Өткен жылы 9,6 мың тонна ет Өзбекстан, Иран, Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталды. Бұл республика бойынша ет экспортының 54% құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасымен 14 925 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 40 759 бас қой, «Құлан» бағдарламасы аясында 3 092 бас жылқы сатып алынып, межеленген жоспар артығымен орындалды.

Қайта өңдеу

Облыста 38 ет өңдеу кәсіпорындарында – 19,6 мың тонна ет, 35 сүт өңдеу кәсіпорындарында – 59,1 мың тонна сүт, 34 жеміс-көкөніс өңдейтін кәсіпорындарда – 24,6 мың тонна жеміс қайта өңделіп, өңделген өнім көлемі 2018 жылы 39,7 млрд. теңгені  құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 2,2 млрд. теңгеге артты.

Мемлекеттік қолдау

2018 жылы ауыл шаруашылығына 25 млрд. теңге субсидия бөлініп, 27,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болды.

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне ұсынылатын мемлекеттік қызметті электронды түрде ұсыну үлесі артып келеді. Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің 72,1%-на электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2017 жылы бұл көрсеткіш небәрі 6,6% құраған болатын.

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің субсидия алуы жеңілдетілді. Минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялау, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биогенттердің және биопрепараттардың құнын субсидиялауды QOLDAU.KZ ақпараттық жүйесі арқылы алуда.

2019 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне ұсынылатын мемлекеттік қызметтің барлық түрі электрондық форматқа ауыстырылады.

Мемлекет тарапынан субсидиялар арқылы бөлінген қаржының есебінен:

- ірімшік – 407,2 тоннаға;

- май – 239,7 тоннаға;

- сүт – 19,3 мың тоннаға;

- жұмыртқа – 7,3 млн дана

- ет – 10,1 мың тоннаға;

- қарқынды бау – 178 гектарға;

- жылыжай – 181 гектарға;

- тамшылатып суару – 340,7 мың тоннаға;

- ет экспорты – 9,6 мың тоннаға;

- ауыл шаруашылығы құрал жабдықтары – 51;

- жайылымдық жерлерді суландыру үшін құдықтар – 354;

- сүт қабылдау бекеті – 5;

- қызанақ – 61,2 мың тоннаға;

- қияр – 38,5 мың тоннаға;

- тыңайтқыш – 91,7 мың тоннаға;

- мақта – 340,7 мың тоннаға;

- ауыл шаруашылығы техникасы – 229 данаға артты.

 

ТУРИЗМ

2018 жылы облыста туризмді дамыту бағытында 21 туристік маршруты бойынша «Гид-волонтер» шебер-сағаттары, «Бұл біздің таулар: тау тұлғалар» фестивалі, «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесі, «Сафари Шардара» фестивалі, шетелдік туроператорлар мен БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Өткен жылы Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи кесенесіне «Миллионыншы келушіні» салтанатты түрде күтіп алу шарасы өтті.

Туризм саласында қызмет көрсету сапасын жетілдіру және арттыру мақсатында ЮНЕСКО өкілдерін, Түркия мемлекетінің экспертін, «Tour Lab» туристік зертханасы мамандарын тарта отырып туристік бизнес, мұражай қызметкерлері, гид-экскурсоводтарға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Түркістан қаласы «Қазақстанның Туристификациялау картасының» республикалық маңызы бар ТОП-10, ал Қасқасу тау-шаңғы жобасы мен Сарыағаш курорты өңірлік маңызы бар ТОП-50 нысан тізбесіне енгізілді.

«Туристік Қазақстан 2019-2025» мемлекеттік бағдарламасына Үкаш ата, Арыстан баб кесенелерін, Отырар қалашығын абаттандыру, туристік нысандарға алып баратын жолдарды жөндеу, Түркістан қаласында қолөнершілер орталығын, визит-орталық салу секілді ауқымды шаралар енгізілді.

Шардара ауданында жағажай туризмін дамыту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ағымдағы жылдың наурыз айында тиісті сараптама қорытындысын алып, құрылысын бастау жоспарлануда.

Туристер үшін қолайлы болу үшін туристік маршруттар бойында 114 туристік жол сілтегіштер орнатылды.

Туристік ақпараттық орталық базасында туристерге арналған 3D виртуалды шынайы бейнероликтер әзірленіп,       VR-құрылғылар орнатылды.

3 нысан Қ.А.Ясауи мавзолейі, Отырар және Сауран қалашықтары әлемдік туристік тартымдылық тізіміне енді.

8. БЮДЖЕТТІК - САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

2018 жылы облыс бюджетінің көлемі 565,1 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің 60,7% немесе 341,2 млрд. теңге әлеуметтік саласына бөлінді.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 318 млрд. теңгені құрап, жоспардан 2,1%-ға артығымен орындалды.

Тиісінше, жергілікті бюджетке 124,4 млрд. теңге түсіп, жоспарға 103,4% құрады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау саласына 19,7 млрд. теңге бөлінді. Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жарақталу көрсеткіші 65,75%-ға жеткізілді (2017 жыл 65,1%). Облыстың медициналық ұйымдарына 5 728 дана компьютер алынып, қамтамасыз етілуі 100% құрады.

Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталықтар ашылып, 3 дана компьютерлік томографпен жабдықталды.

Клиникалық диагностикалық зертханалық қызметтер сапасын жақсарту, құрал-жабдықты және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін Леңгір және Кентау қалаларында емханалар мен ауруханаларының зертханалары орталықтандырылды.

Компьютерлік роботталған нейрохирургиялық жүйе орнатылып, омыртқада орналасқан жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылуда. Қазақстанда алғаш рет Витилиго орталығы ашылып, Витилигоны жаңа хирургиялық  әдіспен емдеу енгізілді.

2018 жылы 4 939 маман,  241 дәрігер біліктілігін арттырды, оның ішінде 111 маман шет елдің клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибие алмасты.

Жедел жәрдем көмегінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Түркістан облысының жедел жәрдем қызметі 37 санитарлық автокөлікпен жабдықталды.

Модульдік (жинақталатын) медициналық пункттерді орнату жобасы іске қосылып, 62 пункт орнатылды. Бұл облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін 100% өтеуге мүмкіндік берді.

Облыста мамандар тапшылығын төмендету мақсатында 2018 жылы 89 жас маманға (жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, терапевт, педиатр, кардиолог, акушер-гинеколог) жолдама беріліп, әрқайсына 1 000 000 теңге бір реттік әлеуметтік  төлемдер төленді.

Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде облыста ана өлім-жітімінің көрсеткіші 35,9%-ға, нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 10,4%, туберкулез өлім-жітімінің көрсеткіші 46,1%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 8,1%-ға төмендеді.

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру саласына 250,3 млрд. теңге бөлінді.

Облыста жаңадан 120 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылып, 11 000 аса орын құрылды. Жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 1 399 бірлікті құрап, 145,2 мың бала қамтылды. Балабақшамен қамту деңгейі 95,5%  (2017 ж. 86,8%) жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7 пайыздық пунктке жоғары. Орташа республикалық көрсеткіш 95,2% құрайды.

2018 жылы 18 млрд. теңгеге 80 білім нысандарының құрылысы жүргізіліп, 39-ның құрылысы аяқталды. Оның ішінде, 8 апатты және 5 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді.

Ұлттық бірыңғай тестіне 15 902 мектеп бітіруші қатысты. Облыстың орта көрсеткіші 79,6  баллды құрады.

«Алтын белгіге» 1234 (2017 жыл - 1087) түлек ие болды, яғни, республикадағы 6000 «Алтын белгі» иегерлерінің 20,5%-ын облыстың түлектері құрады. Сонымен қатар, 776 (2017 жылы - 674)  түлек  «Үздік» аттестатпен бітірді.

Өткен жылы облыс оқушылары республикалық пән олимпиадасына жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық  команда - 2018» атағын және жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушылар тұңғыш рет  командалық есеп бойынша  2 орын және  «Үздік команда» атағын иеленді.

Халықаралық деңгейдегі білім олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурсында  7 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 8 926  педагог қайта даярлаудан өтіп (2017 жылы 7 197), 14 957 педагог біліктілігін арттырды (2017 жылы 11 131 педагог).

2018-2019 оқу жылында 465 мектепте жаратылыстану ғылыми пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық жоба жалғасуда, оның ішінде 18 мектепте толығымен және 447 мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді.

2018 жылы  1 қыркүйектен бастап үш тілде сабақ беруді бастаған 1099 пән мұғалімдеріне қосымша 383,8 млн. теңге еңбекақы төленді.

Жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшіру бағытында 1 071 информатика, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілі бойынша біліктілігін арттырды.

Колледждердің барлығы «Баршаға арналған техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын  енгізу барысында «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен облыстағы 560 педагог жаңа бағдарламамен біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Дуальды оқыту жүйесіне сәйкес 32 колледж (3 081 студент) 55 мамандық бойынша 155 кәсіпорындармен меморандум түзді. Дуальды оқыту жүйесінде 80 % ға дейін практиканы ұлғайту енгізілді.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста жастардың саны 501 369 адам, немесе жалпы халық санының 25,2% құрайды. Оның ішінде, қалалық жерде – 86 416 (17,3%), ауылдық жерде – 414 953 (82,7%).

Жастармен тікелей жұмыс жүргізу мақсатында «Жастар ресурстық орталықтарының» жүйесі қалыптасқан. Орталықта «Бір терезе» қағидасы бойынша 8 бағытта көмек көрсететін «Жастарға қызмет көрсету секторы» іске қосылды. 12 376 жастарға түрлі сала бойынша 29 866 кеңес берілді.

Облыста 18 жастар қоғамдық бірлестіктері және 4 республикалық жастар ұйымдарының филиалдары мен этномәдени орталықтардың жанынан жастар қанаттары жұмыс жасайды.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1275 жасақ көгалдандыру жұмыстарына тартылды.

«Серпін – 2050» жобасы бойынша облысымыздан 2018 жылы 1 589, биыл қосымша 137 жастар  грантқа ие болды.

Жоба аясында 2018 жылы 440 жас оқуын бітірді, оның ішінде 63,3%  тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 12 семинар-кеңес, 259 кездесу, 41 дөңгелек үстелдер, аудан, қалаларда 740 рейдтік шаралар өткізілді.

Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында 1303 санды Саll-орталығы арқылы 265 жасқа  тегін көмек көрсетілді. Аудан, қалаларда жастарға психологиялық, профилактикалық көмек көрсету мақсатында 369 кездесу ұйымдастырылды. Жалпы кездесулерге 47 мыңға жуық оқушы-студенттер, ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін 24 үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды, 14 000 жуық жастар қатысуда.

Бұдан бөлек 55 «Street Workout» спорт алаңшаларында               3 000 жуық жастар спортпен шұғылдануда.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанынан құрылған «Жас туристер ассоциациясының» 100-ден астам мүшелері Түркістан қаласына келетін шетелдік туристерге қызмет көрсетуде.

«Тәуелсіздік – тірегім, Түркістаным – жүрегім!» тақырыбында облыс әкімінің жастармен бейресми кездесуі, «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі, түркі тілдес мемлекеттерінің жастары арасында Халықаралық «Түркі әлемін тоғыстырған – Түркістан!» Жайдарман ойындары, ҚР-ның эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңарған Түркістан – жастар қаласы!» тақырыбында гала-концерт өткізіліп, 700 адам қатысты.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2018 жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына жалпы 18,1 млрд. теңге бөлінді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен» 2018 жылы 69 563 адам қамтылып, жылдық жоспар 10,0% артығымен орындалды (жоспар – 63 270 адам).

Оның ішінде:

- 1 336 адам 6,1 млрд. теңгеге жеңілдетілген пайызбен шағын несие алды;

- 43 978 адам жұмысқа орналасты, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3 990 адамға артқан;

- қысқа мерзімді кәсіби оқуға 5 440 адам жолданып, 4 117 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (75,7%);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 4 529 адам жолданып, оның  2 818-і тұрақты жұмысқа орналастырылды (62,2%);

- жастар практикасына 4305 адам жолданды. Практикадан өткендердің 1149-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ауылдық жерлерде бірінші кезекте қажет мамандықтарды оқыту мақсатында «Әр ауылға өз шебері» жобасы іске асырылуда. 2 588 азамат 24 біліктілік негізінде оқуға жолданды. Оқуды аяқтағандар қатарынан 1 924 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жалпы жыл басынан 31 001 жаңа жұмыс орны ашылды (тұрақты – 19 822).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2018 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

Облыс бойынша 2018 жылы 2412 азаматқа оралман мәртебесі берілді.

Еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге 455 отбасы (1 768 адам) қоныс аударды.

195 620 азаматқа 15,7 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек,  4 367 отбасыға 152,3 млн.теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Мүгедек жандарға техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында,                     7 815 сурдо және тифлотехникалық құралдар, 2 550 қол арба алынып, берілді.

Сонымен қатар, 13 477 мүгедек санаторлық-курорттық емделу орталықтарына жіберілді.

МӘДЕНИЕТ

Мәдениет саласына 2018 жылы жалпы 4 млрд. теңге  бөлінді, оның ішінде, мәдени ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға  117,7 млн. теңге.

Жалпы 29 967 мәдени іс-шара өтті. Оның ішінде, 4 республикалық, 27 облыстық деңгейдегі, жалпы клуб мекемелерінде 12 798, кітапханаларда 16 317, музейлерде 821 көпшілік іс-шара.

Облыстағы 3 кәсіби театрда 11 жаңа спектакль сахналанды, ағымдағы 759 спектакль қойылды, 134 690 көрермен қамтылып, 22 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды.

«Түркістан» сарайының «Фараб» би ансамблі Түркия мемлекетінің Иниголь қаласында өткен халықаралық «Мәдениет және өнер ұжымдары» конкурсында І орынды иеленді. Бурса қаласында өткен 32-ші халықаралық «Алтын Қаракөз» конкурсында арнайы жүлдемен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» аясында тарихи орындар мен тұлғаларды насихаттау мақсатында «Ордабасы бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдері, «Төле би» 10 сериялы тарихи телехикаясы түсірілді.

Облыстағы 387 кітапханада 16 317 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып,  оқырмандар саны 463 863 адамды құрады, 110 714 дана жаңа кітаптармен толықтырылып,  кітап қоры 5668 мың данадан асты.

«Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып, 9765 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілді.

Кітапханалардағы электрондық кітап қоры 22 751, цифрлы форматқа көшірілген құжаттар саны 1 867 данаға жетті.

Халыққа қазіргі заман талабына сай кітапханалық қызмет көрсету мақсатында Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Түлкібас, Ордабасы, Сарыағаш ауданында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен коворкинг орталықтары ашылды.

Ақсүмбе қарауыл мұнарасы мен Ишан базар (Ақмешіт) мешіті республикалық ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізуге арнайы комиссияның оң шешімі алынды. Ұзан ата кесенесінің бүгінгі таңдағы техникалық жай-күйін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Өңіріміздегі киелі жерлердің аңыз-әңгімелер жинағы, Түркістан, Кентау қалаларының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы, «Түркістан облысының көне қалалары», «Түркістан-руханият бесігі» фотоальбомы, Түркістан облыстағы киелі жерлердің географиясының 2 томдығы шығарылды. «Түркістан – тарихи-рухани орындар мекені» сайты жасалып, интерактивті картасы енгізіледі.

Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археология ескерткіштерінің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және «Оңтүстіктің қасиетті орындары:аңыз-әпсаналар» жинағы жарық көрді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы ақын жазушыларының таңдамалы 10 кітабы жинағы шығарылды. Бұл жинақта республикаға және облысқа белгілі 22 қаламгердің дүниелері жарық көрді.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  демеушілер тарапынан құны 3 млрд. 386 млн. теңгені құрайтын          97 нысан іске қосылды. Аяқталған 97 нысанның – 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3-і  қайта жөндеу, 2-і медицина мекемесі құрылысы, 12 спорт нысандарының жаңа құрылысы және 2-і спорт алаңын қайта жөндеу, 15 мәдениет нысандары құрылысы мен 5 қайта жөндеу және абаттандыру бойынша 30 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап дәстүрлі түде облыс аудандарында ауқымды шаралар өткізу дәстүрі басталды.

Атап айтқанда, осы ауқымды іс-шаралардың бірі де бірегейі  «Наурыз Қазығұрттан басталады» атты Наурыз тойының тойлануынан бастау алды.

Одан бөлек, Түлкібас ауданында «Қызыл кітапқа» енген, яғни айырықша қорғауды қажет ететін қызғалдақ гүлін қорғау және сол аймақтың туристік әлеуетін көтеру мақсатында халықаралық «Қызғалдақ фестивалі»,  «Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі» атты жастар форумы, ежелгі дәстүрді жаңашылдықпен жалғастыру мақсатында «Қымызмұрындық» іс-шарасы, елдің рухани сусынын қандыру мақсатында Төлеби ауданында халықаралық «KASKASU» суретшілер планэрі»,  Жетісай ауданында «Қауын fest» фестивалі,  облыстың туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Safari Shardara» шарасы, «Тау самалы – жан самалы»  іс-шарасы, «Салбурын – саятшылық мерекесі»  атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

СПОРТ

Облыста дене тәрбиесі және спорт бағытында 64 мемлекеттік мекемелер жұмыс істейді. Оның ішінде: 15 облыстық, 49 аудан, қалалық. Тіркелген спорт нысандары саны 4 664 бірлік.

4 026 бұқаралық спорттық  іс-шаралар өткізіліп, оған 571,2 мың адам қатысты. Оның ішінде ауылдық жерлерде 3 721 спорттық іс-шарамен, 486,9 мың адам қамтылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны  571 233 адамды немесе барлық жастағы халықтың спортпен қамтылу деңгейі 28,9% құрады.

Облыс спортшылары 52 спорт түрі  бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 387 – алтын, 382 – күміс, 365 – қола медаль жеңіп алды.

2018 жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары, 73 – алтын, 58 – күміс және 38 – қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары, 32 –алтын, 15 – күміс және 16 – қола медальге ие болды.

2018 жылы 46 халықаралық дәрежедегі спорт шебері,                116 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 645 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ

2018 жылы облыстағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 73 нысанның құрылысына                   10,7 млрд. теңге бөлінді.

Су құбыры мүлдем жоқ 13 елді мекенге (16 269 адам) жаңа ауыз су құбырлары салынып, 1 елді мекеннің (13 000 адам) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Нәтижесінде, облыстың 635 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 75,4% құрады.

2019 жылы 80 нысанның құрылысына 11,3 млрд.теңге қарастырылуда. 43 елді мекенге жаңа ауыз су құбырлары салынып, ауыз сумен қамтылған елді мекендер санын                             678-ге, қамту деңгейін 80,4%-ға жеткізу жоспарлануда.

7 топтасқан және 215 локалді ауыз су жүйелерін тұтынушы 810 731 адамға (310 елді мекен) қол жетімді бағамен ауыз суды жеткізу мақсатында өткен жылы 2 млрд.теңге сомасында субсидия бөлінді.

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ

2018 жылы 96 табиғи газ нысанының құрылысы және                57 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 17,6 млрд.теңге бөлінді.

Жыл қортындысымен 62 нысанның (42 елді мекен, 2 мөлтек аудан, 5 жеткізгіш құбырлар, 15 елді мекендердің көшелері) құрылыс жұмыстары аяқталды.

Нәтижесінде, қазіргі таңда 385 елді мекені (қамту деңгейі 45,7%) немесе 1 072 мың халық табиғи газбен қамтылды.

2019 жылы 58 нысанның құрылысына 14,1 млрд.теңге бағытталуда. Нәтижесінде, 27 елді мекен табиғи газбен қамтылып, олардың жалпы саны 412-ні немесе қамту деңгейі                      48,9% құрайды деп жоспарлануда.

САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Облыста 826 елді мекен орталықтандырылған электр желісімен (қамту деңгейі 98,3%, 1,9 млн. адам), 16 шалғайдағы елді мекен (1,7%, 1080 адам) дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген.

2018 жылы 5,2 млрд. теңгеге 22 нысанның құрылысы жүргізілді.

Жыл қорытындысымен 22 ауылдық елді мекен, 6 қалалық мөлтек ауданның электрмен жабдықтау құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Нәтижесінде, қосымша 35,3 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтылды.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында 220 кВ «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы басталып, 2020 жылы пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде, 705 мың тұрғынды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандарын тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамту мүмкін болады.

2019 жылы 18 нысанның құрылысына және 5 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 4,9 млрд. теңге қаржы бөлінді, Жылдың қорытындысымен 13 нысанның құрылысын аяқтап, іске қосу жоспарлануда.

Нәтижесінде 15,8 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтылатын болады.

2019-2025 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін сапалы электр энергиясымен қамтудың кешенді іс-шара жоспары жасалды. Жоспарға  сәйкес 2025 жылға дейін 197 елді мекендегі 380,0 мың адамды сапалы электр энергиясымен қамту жоспарлануда.

 

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

2018 жылы автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 19,4 млрд. теңге бөлініп, 52 нысан немесе 521,9 шақырым жол пайдалануға берілді.

Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағатты жағдайдағы үлесі 64,4%-дан 70,7%-ға жетті.

Облыс бойынша 2018 жылы 797 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары. Жолаушылар айналымы 3,5 млрд. жолаушы шақырымды құрап, өсім 111%-ды құрады.

Түркістан қаласының Ташкент қаласымен сауда-экономикалық, туристік қатынастарын нығайту мақсатында, «Түркістан-Ташкент» халықаралық автобус бағыты ашылды.

2019 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» теміржол бағыттары ашылды. Пойыздар аптасына 5 реттен қатынайды.

2019 жылдың 4 қаңтарынан бастап аптасына 2 рет жиілікпен (дүйсенбі-жұма күндері) «Түркістан-Шымкент» жедел пойызы іске қосылды. Орындар саны 175. Билет құны – 609 теңге.

ҚҰРЫЛЫС

Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 139,1 млрд. теңгені құрап, 1,9%-ға артты.

387,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, жоспар 21,7% артығымен орындалды (жоспар 344,7 мың шаршы метр).

Бұл өз кезегінде 3 047 отбасыны баспанамен  қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (2017 жылы 7 482 пәтер).

Бюджет қаржысы есебінен алаңы 30,6 мың шаршы метрді құрайтын 35 тұрғын үй  пайдалануға тапсырылды (500 пәтер).

Сонымен қатар, 935 жер телімін қамтитын 7 нысанға немесе 92 шақырым инженерлік-коммуникациялық жүйелер салынды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыс әкімдігі мен «Баспана» АҚ өзара ынтымақтастық бойынша меморандум түзілді.

Бүгінгі таңда, облыс орталығы Түркістан қаласында «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» және жеке салушы есебінен 6 көпқабатты тұрғын үйлердің (336 пәтер, 26,1 мың шаршы метр) құрылыстары басталды. Жыл соңына дейін аяқтау көзделуде.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Отырар мөлтекауданында аумағы 38 га жер телімінде 88 көпқабатты (2724 пәтер, 196,3 мың шаршы метр) «Түркістан-жаңа қала» тұрғын үй кешендері, салу жоспарлануда. Барлығы 4 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіледі:

- «Отырар» тұрғын үй кешені;

- «Сырдария» тұрғын үй кешені;

- «Арман» тұрғын үй кешені;

- «Сауран» тұрғын үй кешені.

44 тұрғын үй (1 362 пәтер, 98,2 мың шаршы метр) 2019 жылы пайдалануға тапсырылып, «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады. Қалған үйлер 2020 жылға өтпелі.

ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ АХУАЛ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4285 іс-шара өткізіліп, 1 млн. жуық адам қамтылды.  Оның ішінде «Туған жер» арнайы жобасы аясында кәсіпкерлермен демеушілер тарапынан 473 жоба жүзеге асырылды.

«Қазақстанның қасиетті, киелі жерлерінің географиясы»  жобасы бойынша облыстың қасиетті, киелі нысандардың тізімін іріктеп, өңірлік карта жобасы дайындалды.

«Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша іріктелген 100 нысанның 25-і облыстан еніп отыр.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына облыстың 6 азаматы (2 кәсіпкер, 3 спортшы, 1 қоғам қайраткері) енгізілді.

Сонымен қатар, ел зиялыларымен дидарласу, табысты кәсіпкерлердің шеберлік дәрістерін ұйымдастыру үшін «Ассамблея асары», «Қайырымдылық – қайырлы іс», «Қазақ дастарханы» атты жобалар іске асты.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың республикалық байқауында облыс ғалымдары әзірлеген жоба І орынды иеленді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың облысқа іс-сапарында «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының ашылу салтанаты өткізілді. Белсенді орталықтарға облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы табысталды.

Ел тарихында тұңғыш рет Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық форумы өткізілді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 113 қызметтік автокөліктер, арттехқару жарақ құралдары, 294 компьютер алынды. Жалпы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жалпы құқық бұзушылықтың саны 2017 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға, оның ішінде ауыр қылмыстар 14,8%-ға, тонау 10,2%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 12,9%, бұзақылық қылмыстары 2,3%-ға кеміді.

Жол-көлік оқиғалары саны - 11,3% (1269-дан 1125-ге), жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 8,1%-ға (281-ден 258-ке), жарақат алғандар 20,8% (1893-тен 1498-ке) төмендеген.

Бүгінгі таңға облыстағы бейнекамералар саны 468-ге дейін көбейтіліп, нәтижесінде 8365 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 32 қылмыс ашылған.

ЦИФРЛАНДЫРУ

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғам мен биліктің ортасында ашық байланысты орнату, мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыру және электронды форматқа көшіру мақсатында облыста белсенді жұмыстар атқарылуда.

Облыс орталығында «Smart Ontustik Bilim» жобасы жүзеге асырылуда:

Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды автоматтандыру:

Педагог қызметкерлерден 5874 өтініш беріліп, 1635 педагог қызметкер жұмысқа қабылданған.

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру:

Электронды жүйе арқылы мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды орналастыру үшін Balabagsha.sitcen.kz жүйесі арқылы 67 756 өтініш қабылданып, 27 500 жолдама электронды түрде берілді.

«Mektep.sitcen.kz» жүйесі енгізіліп, онда 54 751 өтініш келіп түсіп, қала мектептерінің 1 сыныбына барлық оқушылар электронды түрде қабылданды.

Білім беру ұйымдарын онлайн режимде басқару:

«kundelik.kz» жүйесінің функциясы мобильді түрде кеңейтіліп, 880 мектеп қосылды.

Алдағы уақытта, мұғалімнің қатаң есептегі құжаттармен (сынып журналы, сабақ кестесі, күнтізбелік және сабақ жоспараларын, үй тапсырмаларын) жұмыс істеудің мобилдік қосымшасы енгізілетін болады.

Денсаулық саласында стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылды. Жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Барлық машиналар GPS навигациямен қамтамасыз етілген.     

Бастапқы медициналық санитариялық көмек деңгейінде басымдықты және негізгі ауруларды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында 25 ұйымға 3 нозология бойынша «Ауруларды басқару» бағдарламасы енгізілді. Аталған бағдарламаға қатысуға артериалдық гипертония, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі және 2 типті қант диабеті диагнозымен 27 743  пациентпен шарт жасалды.

38 амбулаториялық-емханалық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйе толығымен орнатылды.

Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу қазіргі уақытта 76,4% электронды түрде атқарылуда.

Түркістан облысы бойынша 1 909 744 немесе 100% электрондық денсаулық паспорттары жасақталды.

Көлік саласында негізгі құрамдағы ауданаралық және облыс аралық тұрақты бағыттардағы 594 автокөлік құралының барлығы 100 % GPS құрылғысымен жабдықталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «SmartCity» тұжырымдамасымен Түркістан қаласы Отырар шағын ауданында 10 көп қабатты тұрғын үй таңдап алынып,           E-SHANYRAQ жүйесіне интеграция жасалынды.

«Ақылды кварталдың» құрамдас бөлігі азаматтардың қауіпсіздігі үшін Түркістан қаласы Отырар шағын ауданында 8 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сондай-ақ күн панельдері бар фотореле датчиктері бар 76 дана көше жарығының көлемінде «ақылды жарықтандыру» компоненттері орнатылды, олар энергия шығыны бойынша шығындарды 30% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша Түркістан облысындағы 707,1 мың егістік жерлердің электрондық картасын цифрландыру жоспарланып, нақты 685,1 мың гектар енгізіліп, орындалуы 96,6%ды құрады.

Туристік саланы цифрландыру жол картасы бекітіліп, ontustiktravel.kz туристік сайты және «ON Guide» мобильды қосымшасы іске қосылды.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ

Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласын жай облыс орталығы ретінде ғана емес, жалпы Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.

Түркістан қаласының бас жоспарының ең үздік тұжырымдамасын әзірлеу үшін ашық халықаралық конкурс жарияланды. 40-тан астам шетел және отандық кәсіби сәулетшілер қатысты. Нәтижесінде ең үздік тұжырымдама анықталып, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мақұлданды.

Биыл қаланың бас жоспарын әзірлеу жұмыстары басталады.

Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысын іске асыру үшін 700 га жер анықталып, мемлекет меншігіне 513 га қайтарылды. 51 әлеуметтік және 114 тұрғын үй нысандарының орналасу сызбасы әзірленді.

Бірінші кезекте іске асырылатын облыс әкімдігі, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, 26 тұрғын үйдің (1536 пәтер, 80,6 мың шаршы метр), 900 оқушы орынға арналған мектеп құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін нысандардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Конгресс-орталығы, «Астана» алаңы, Медиа-орталығы, Оқушылар сарайы, 7000 орынға арналған стадион және туризм бағытындағы колледж нысандарының құрылыс алаңы қоршалып, жер жұмыстары жүргізілуде, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін             10 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жеке инвесторлармен қонақ үйдің, фитнес орталықтың, автовокзалдың құрылысы басталды.

Рухани-мәдени орталықта салынатын «Ұлы дала елі» орталығы, Яссауи мұражайы, «Әзірет-Сұлтан» қабылдау орталығы, Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Шығыс моншасы, Музыкалық су бұрқақ, Амфитеатр, Сауда орталығы ғимараттарының және тарихи көшелердің орналастыру сызбасы бекітіліп (98 га), жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Қазіргі таңда Яссауи мұражайының құрылыс аумағы қоршалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

167 нысан бойынша жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде (2,006 млрд., (153 тұрғын үй - 1,865 млрд. теңге,  14 кәсіпкерлік ғимарат - 140,5 млн. теңге).      Бүгінгі күнге 94 нысан бойынша келісім жасалды (1,094 млрд. тг.), оның ішінде 32 тұрғын үй иелеріне 399,2 млн. теңге төленді.

Бірінші кезекте салынатын нысандардың құрылысы үшін мемлекет меншігіне қайтаруға жататын 39 жер теліміндегі нысандардың 22-і бұзылды, қалғандары 1 наурызға дейін мемлекет меншігіне қайтарылады.  

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2024 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді.

Кешенді жоспарда 2019-2024 жылдары 890,3 млрд.теңгеге 139 іс-шараны іске асыру қарастырылған.

Кешенді жоспар тиісті органдармен келісіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №938 қаулысымен бекітілді.

 

Размещено: 24.01.2018 - 17:42:39
Обновлено: 25.02.2019 - 10:09:49
© 2019

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Туркестанской области